Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№ 34 көп салалы мектеп-гимназиясының  «Эстетика» бірлестігінің 2017-2018 оқу жылындағы жоспарына сәйкес«Шебердің қолы ортақ» атты шеберлік сағаты

 

Эстетика бірлестігінде  20.02.18 күні өткізілген «Шебердің қолы ортақ» атты шеберлік сағатында технология мен бейнелеу пәндері мұғалімдерінің өзіндік жеке тақырыптарына сәйкес  кең көлемді шара ұйымдастырылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты: «Оқушылардың шеберліктерін шыңдау, әсемдікке баулу, эстетикалық талғамдарын арттыру» болып табылады.  Шарада пән мұғалімдері өздерінің жұмыстары мен қоса оқушыларының жұмыстарынан көрме дайындады. Көрмеде оқушылардың ағаштан, матадан, ұсақ моншақтардан, табиғи материалдардан дайындалған бұйымдары қойылды. Технология пәнінің мұғалімдері Ибрашев Д, Мұқанова Р, Макимова Л  ұсақ моншақтардан жасалған жағалары, ағаштан күйдіріп жасалған ағаш бұйымдары, кестелеп терілген композициялық кестелік бұйымдары адамның көзінің жауын алса, бейнелеу пәні мұғалімдері Құсанова Г, Шамшединов Н, Қосжанова С, Құлкенова А оқушыларының кескіндеме, этюд, қалдық материалдардан бұйымдар жасау атты композициялық жұмыстары да көпшіліктің ойынан шықты.

{gallery}777/6{/gallery}