Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 2018 жылдың 27 қаңтарында «Lesson Study тәжірибе аймағында» атты тақырыбында бекітілген мектептердің аудандық семинары өтті. Семинарымызға аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлдай Орынбасарқызы және аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.

 

География пәнінің мұғалімі:  Данияр Сұлтанов Амангелдіұлы «Жаңа сабақта АКТ технологиясын пайдалану» тақырыбында   қолданған әдіс тәсілдерін көрерменге ұсынды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі : Утупова  Камшат Темірханқызы «Жас ерекшелігіне сай оқыту модуль» тақырыбында өз сабағында қолданған әдіс тәсілдерін түсіндірді.

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ажкеева Гауһар Алтынбекқызы

« Lesson Study  оны талдау жолдары»тақырыбында түсіндіріп қатысушы мұғалімдер топтық жұмыстар орындады..

Орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі   Кажигалиева Айгуль Тулеугалиевна

« Деңгейлеп оқытуды сабақта  диалог түрінде қолдануды түсіндірді.

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі   Гүлім Мұратқызы « Фонетиканың жеті атасы»тақырыбында өткізген сабағымен  қатысушы мұғалімдермен тәжірибе бөлісті.

Физика пәнінің мұғалімі   Гүлсая Қадырбекқызы « Сыни тұрғысынан ойлау модулін физика пәнінде қолдану»тақырыбында өткізген сабағымен  қатысушы мұғалімдерге баяндады.

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі  Нұрғазы Жанат Елубайқызы «Әдебиет, тарих сабағындағы бағалау түрлері »тақырыбында  шеберлік сабағын ұсынды.

Информатика пәнінің мұғалімі   Маемиров Армат Максимұлы « 7-модуль Оқытуды басқару және көшбасшылық » тақырыбында  басқару жолын түсіндірді.

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі   Хасанова Алия Сәлімқызы көрермендерге әріптестерінің жеті модулі бойынша өткізген тәжірибесін жетон арқылы бағалауды ұсынды. Деңгейлік әріптестер жетон бойынша әр түрлі бал жинады.

Ауданымыздан келген жетекші әдіскеріміз Ұлдай Орынбасарқызы және гимназия директоры Нұрбөбек Есполқызы семинар-практикум соңында сөз сөйлеп қорытындылады.

Семинар соныңда қатысушы деңгейлік мұғалімдер естелік фотоға түсті.