1.Лауазым атауы: Материалдық есепшісі
2.Мектеп атауы: «Қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты №34 көп салалы мектеп – гимназиясы» КММ
3.Құжатты қабылдау күні:02.05.2019. сағ:12.30
Аяқталу күні: 15.05.2019. сағ:12.30
5.Конкурсқа қатысушыға қойылатын мінетті талаптар:
Мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасау
Материалдық жауапкершілігі бар тұлғалармен ай сайын бағалы материалдық тауарларды есепке алады.
Ай сайын материалдық жауапкершілігі бар жұмыскерлерден құнды материалды тауарлардың қозғалыс және тіркеу есебін тексереді.
Негізгі түсімдер есебінің шынайылығын, бағалы тауарлы-материалдардың және ақша амалдарының қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларының шоттарда уақтылы көрсетілуін, материалдарды дұрыс пайдалану, отын, электроэнергия, қаржы, смета шығындарын болдырмау, бастапқы құжаттардың негізінде есептерді жасау тәртібін, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелерінде түгендеу және бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырады.
Жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысуды жүргізеді.
Жабдықтаушылармен салыстырып тексеру есептерін жүргізеді.
Құнды тауарлы-материалдардың есебін жүргізу мақсатында қойма қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жасайды.
6. Материалдық есепшісі лауазымына, аталған мамандыққа сәйкес келетін жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білімі бар және есепші қызметінде 2 жылдан кем емес еңбек өтілі бар тұлға.
Конкурсқа ниет білдірген қатысушылар мемлекеттік кәсіпорын басшысына өтінішті (ерікті нысанда) ұсынады.
Жеке куәлік көшірмесі
Диплом көшірмесі (нотариалдық тәртіпте куәландырылған)
Еңбек кітапшасы (нотариалдық тәртіпте куәландырылған)
11. Форма 86У
12. Соттылығы жоқ жөнінде анықтама
13. Қосымша сертификаттар, біліктілігін растайтын жөнінде ақпарат бере алады.
14. Конкурс өтетін орны: Атырау қаласы, Алмагүл 26
Индекс: 060027, КММ «№34 көп салалы мектеп-гимназия»
Байланыс телефоны: 87122 46-72-32