Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асуда. Рухани жаңғыру әр адамның елінің тарихын, дәстүрін, мәдениетін қадірлеуден басталады. Жастарды осы бағытта тәрбиелеуде, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында қазақ халқының XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі, батыр Махамбет Өтемісұлының шығармаларына арналған «Азаттықты аңсаған ер» атты мәнерлеп оқу сайысы №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының кітапханасының ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары арасында мектеп фойесінде өткізілді.

Шара мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ұлттық мәдени мұрамызды сақтау, туған жердің тарихын, мәдениетін, ұлы бабаларын насихаттау. Сайыс екі бөлімнен тұрды.


1-бөлім «Поэзия сағаты»
 деп аталды, бұл бөлімде әр сайыскер Махамбет бабамыздың екі өлеңін жатқа мәнерлеп орындады. 2-бөлім «Өмір дерек» – деп аталды. Бұл бөлімде сайыскерлерге батырдың өміржолынан, шығармаларынан сұрақтар берілді.


Шара барысында сайыскерлер ақынның 
«Қызғыш құс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Аспанда ұшқан ақсұңқар», «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны», «Атадан туған аруақты ер» т.б өлеңдерін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап берді.


Сайыс қорытындысы бойынша 
«Ең үздік көркемсөз оқу шебері» номинациясымен 8 «а» сыныбының оқушысы Абиров Айбар, «Әртістік шеберлігі үшін» номинациясымен 8 «в» сыныбының оқушысы Амреева Нұрсая, 8 «а» сыныбының оқушысы Орынбасарова Анель, «Оқу шеберлігі үшін» номинациясымен 8 «г» сыныбының оқушысы Оқасова Айсара, 8 «а» сыныбының оқушысы Абилтаева Ботагөз кітапханашылар дайындаған Алғыс хатпен марапатталды.


Шараға мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты.

{gallery}777/2{/gallery}