Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Рухани жаңғыру аясында  15-ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған соғысынан азат етілген күніне орай  №34 көпсалалық мектеп-гимназиясының кітапхана кеңесі «Жастығын шалын шарпыған» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.

 

Кешке  Атырау облысы бойынша ауған соғысы ардагерлер қоғамының төрағасы- Қайыржанов Ғабиден Хатипұлы, жауынгер ардагер Молдағалиев Рамазан Ысқақұлы,  мектеп директорының ғылыми жобалар жөніндегі орынбасары Изтелеуова Жаннат Тасмағанбетқызы және   7,8,9,10 сынып    оқушылары, ұстаздар қауымы қатысты.

 

Кездесу кешінің мақсаты – сол кездегі  тарихи оқиғаның жай-жапсарына жете тоқталу емес, сол кездегі 18-20 жас аралығындағы өрімдей жас азаматтардың интернационалдық борышын өтеу жолындағы ерлігі хақында, Отанға деген сүйіспеншілік, елжандылық жөнінде оқушыларға түсіндіру. Осы орайда «көп жасағаннан емес, көпті  көргеннен сұра» демекші, сұрапыл соғыстың ащы дәмін  татып, ауыр күндерін бастан кешкен, бүгінде алды алпысты алқымдап, арты кемеліне келген ел азаматтары мен бейбіт күннің ұрпағы кездесіп, кездесу барысында әуелі ауған елі туралы мәлімет беріліп, одан әрі оқушылар тарапынан сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болдыма, сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума –туыстарыңыз білдіме, сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма, кімдермен соғыстыңыздар? т.б.сұрақтар қойылып өтті. Ардагер-жауынгерлер барлық сұрақтарға толық жауап бере отырып, көңілдерінен шыққан сұрақ берушіге өз қолтаңбасын қалдырып сыйлық ұсынды.

 

Шара барысында  оқушылардың орындауында «Халық термесі», «Көңіл толқыны» күйлері тыңдалып,  «Ұрпаққа аманат» арнау, «Не болды екен, көңілім тыншымайды», «Соңғы соғыстың шейіттері», «Жаса, жаса, бейбітшілік, ырысым», «Жауынгер хаты» атты жырлар жатқа айтылды. Кеш Қанатаева Әнельдің орындауындағы «Қазағымсың» әнімен аяқталды.

{gallery}777/7{/gallery}