2017 жылы 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев дарынды балалармен – республикалық және халықаралық пән олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.
Кездесуге республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының 40 жүлдегері мен жеңімпаздары қатысты.
Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде дарынды балаларымыз Қазақстан беделін әлемдік деңгейге көтерді. Олар математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндерінен өткізілген халықаралық олимпиадаларға қатысып, үнемі биік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Қазақстандық оқушылар 10 мыңнан астам медаль, оның ішінде 2131 алтын, 3098 күміс, 4481 қола және 322 мақтау грамоталарын алған.Жаратылыстану-математика пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысу қорытындылары бойынша Қазақстан құрама командасы әлем елдері арасында 11 орынды иеленіп отыр.
ҚР Білім және ғылым министрінің дарынды балалармен кездесуі 2017 жылы 13 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында өткізілді.